{metadescription}
Ақтөбеде шенеуніктер нашақор өртеп жіберген үйді жөндеуден бас тартты
Ақтөбеде шенеуніктер нашақор өртеп жіберген үйді жөндеуден бас тартты

Ақтөбеде шенеуніктер нашақор өртеп жіберген үйді жөндеуден бас тартты

Ақтөбеде нашақордың кесірінен үйі өртенген тұрғындар жаңа баспанадан күдерін үзді. Жергілікті әкімдік құлағалы тұрған үйді өздерің жөндеп алыңдар деп кеңес беруге ғана жарапты. 

Көршілеріне кесірі тиген нашақор ауруханадан шыққан бойда қайын жұртына кеткен. Шығынды өтемек түгілі төбе көрсетпеген. Ал оған қатысты тергеуді тәртіп сақшылары тоқтатып қойды. Өйткені ол өртті қасақана қоймаған деп шешіпті. Айта кетелік, өртенген үйді әкімдік осыдан он жыл бұрын апатты жағдайда деп танып, тұрғындарға пәтер бермек болған. Бірақ ол уәделері әлі іске асар емес. Жергілікті атқамінерлер енді өрттен соң тіпті төбесі опырылып, құр қабырғалары қалған баспананы жөндеу үшін демеушілерден материал ғана алып бере алатынын айтады. Бірақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге ешбір құрылыс компаниясы келісер емес. Өйткені ағаштан тұрғызылған үйді қалпына келтіру мүмкін емес.

Рая Бақтыбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

-Шеге ұстамайды дейді. Ешқандай жөндеуге келмейді. Өйткені шіріп тұрған ағаш оның үстіне өртеніп күйіп тұр. Үгілітіп жатыр өзінен өзі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.