Павлодар облысында жаңадан салынған бөгет тасқынға шыдамай қирап жатыр
Павлодар облысында биыл жаңадан салынған бөгет тасқынға шыдамай бұзылып жатыр. Соның кесірінен Ақсу қаласындағы жер үйлердің ауласы мен бау-бақшалары суда тұр.
Автор: Әйгерім Шакаманова
20.04.2016
Былтыр үйлерінің іргетасы бүлініп, жапа шеккен ақсулықтар жаңа бөгет құрылысы аяқталғанда қатты қуанған. Бірақ онысы ұзаққа созылмады. Енді ауласына қайта су толып жатса да күдерін үзген жұрт көмек сұрамады. Арнасынан асқан Ертістің суы қазір олардың бау-бақшасына да құйылуда. Алайда атқамінерлер алаңдайтындай еш негіз жоқ деп отыр. Олар аумаққа қап-қап құм тасып, жағдайды ушықтырмауға тырысып жатыр. Ал өңірде қардың жүз пайыз еріп біткенін айтқан құтқарушылар су деңгейі бірнеше күнде төмендейді деп сендірді.
Серік Шериязданов, Павлодар облысы ТЖД бас маманы:
-Қазіргі таңда Шүлбі ГЭС-нен жіберіп жатқан судың көлемі 2950 куб сантиметрді құрайды. Сол себептен осы Павлодар облысында 19 гидробекеттері орнатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!