{metadescription}
 Оңтүстікте апасымен бірге жоғалған қыз ұрланған болуы мүмкін
 Оңтүстікте апасымен бірге жоғалған қыз ұрланған болуы мүмкін

Оңтүстікте апасымен бірге жоғалған қыз ұрланған болуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда жоғалған 7 жасар қыз бен оның 56 жастағы апасын іздестіруге жүздеген адам жұмыла кірісті. Жедел әрекет ету құрылымдары үш тәулік бойы Түлкібас ауданының ойлы-қырлы жерлерінің барлығын тінтіп жатқанымен, нәтиже жоқ.

17-ші сәуір күні Дәубаба ауылында Инабат Іңкәрбек Шымкенттен келген апасы Әшіргүл Баймұратовамен тауға серуендеуге шыққан. Кешке шатқалды аралап жүргенде, жаңбыр жауып, айналаны тұман басып кетеді. Үйге оралмаған соң, туыстары тәртіп сақшыларына хабар берген. Содан бері полиция, құтқарушылар, тіпті ауылдың ер мұғалімдері мен спорт мектептерінен жігіттер тартылған. Ұзын ырғасы 400 адам жұмылдырылды. Иісшіл иттер де тау-тастың арасын тінтіп жатыр. Әуеден квадрокоптермен де бақылап көрген. Тараздан тікұшақ шақыртылып, 60 шақырым жерді шарлапты. Ұлттық парк аумағы болғандықтан жоғалған қыз бен әйел жыртқыш аңға жолығуы мүмкін дейді тәртіп сақшылары. Ал туыстары 56 жастағы отбасын құрмаған апалары Инабатты ұрлап әкетті деген болжамды да тексеруді сұрап отыр. Ал ертең іздестіру жұмыстарына Ұлттық гвардияның 300 сарбазы қосылуы тиіс.

Гүлнұр Өтегенова, жоғалған қыздың анасы:   

-Құлап қалса, аяғы сынып қалса табылар. Егер қыз құлап қалса, әпшем көтеріп әкеледі ғой. Енді білмеймін, ауытқып қайда кетті. Миыма сыймай кетті. Небір ойлар келіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде