Астанада жанармай құю бекеті қиратылды
Астана әкімдігі үйлерді қойып, енді жанармай бекеттерін сүріп жатыр. Шенеуніктер қаладағы кәсіпкерге тиесілі осындай 2 нысанды қиратып, жермен-жексен етті.
Автор: Жәудір Оразхан
21.04.2016
Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп тұрған мына жанармай бекетінің заңсыз салынғанын шенеуніктер енді байқапты. Әкімдіктегілер оны қиратуға техникадан бөлек, өрт сөндірушілерді, жедел медициналық жәрдем, тіпті қауіпсіздік үшін полицейлерді де ерте келген. Мамандар алдымен жанармай құятын құрылғыны жерден ажыратты. Кейін экскаватормен ғимараттың терезесін қиратып, қабырғасын құлатты. Алдағы уақытта 5 бекет сүрілмек. Бүгін жермен-жексен етілген екінші бекет.
Бағдат Мұхамедиярұлы, Астана қалалық Жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
-Өндіріс өзен көшесінің бойындағы бекеттің ешқандай құжаттары жоқ..Олар заңсыз түрде екі жылдан бері заңсыз пайда тапты. Бір жылдың көлемі болды, бұл бекет жұмыс істеп тұрған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!