{metadescription}
Ақтаулық қос бүлдіршіннің химиялық заттан уланып өлгені анықталды
Ақтаулық қос бүлдіршіннің химиялық заттан уланып өлгені анықталды

Ақтаулық қос бүлдіршіннің химиялық заттан уланып өлгені анықталды

Мәриям және Мүсілім Тимуркаевтар төменгі қабаттағы көршісі үйін қандалаға қарсы сірке суы мен ағартқыш сұйықтықты араластырып, залалсыздандыру жүргізген соң қаза тапқан еді.

Қолқаны қабатын осы иістен кейін 7 жастағы қыз бен 4 ұл өздерін жайсыз сезініп ауруханаға жеткізілген екен. Алайда дәрегерлер де дер кезінде көмек бермей қос бүлдіршін ақыры жансақтау бөлімінде көз жұмды. Балалардың химиялық заттан уланғанын сараптама да растаған. Бірақ нақты неден екенін Алматыдағы зертхана анықтауы тиіс. Егер балалардың қандала уынан өлгені нақтыланса, қазір бостандықта жүрген көршісінің қолына кісен салынады. Бүлдіршіндердің жағдайына дер кезінде баға беріп, уланудың алдын алмаған дәрігерлер мен санитарлық мамандар да жазасыз қалмайды.

Талғат Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:

-Сол күні қызметте болған дәрігерлер сұралады. Басшылар бар. Сосын тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының да дәрігерлері шыққан. Оларға да баға беріледі. «Дер кезінде өз тарапынан шара қолданды ма, жоқ па?» деген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде