{metadescription}
Алматыда ыстық су атқылап, төңірек тұманданып кетті
Алматыда ыстық су атқылап, төңірек тұманданып кетті

Алматыда ыстық су атқылап, төңірек тұманданып кетті

Ал Алматыда топан су табан астынан шықты! Бүгін «Нұр Отан» партиясы орналасқан ғимараттың дәл алдында жылу құбырының жарылуы салдарынан ыстық су аспанға атқылап, төңірек будан тұманданып кетті.

Оқиға күндізгі сағат 12-лер шамасында болған. Тасқындай тулаған ыстық судан сол маңдағы көліктерді иелері әзер әкетіп жатыр. Диаметрі 70 сантиметрге жететін ойықтан атқылаған су көшеге жайылып, кейін билік партиясы орналасқан ғимараттың жертөлесіне барып құйылған. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына келе сала сол жертөле толы суды сыртқа ағызуға кірісті. Ал жарылған құбырды жөндеу үшін ыстық су атқылаған жерді жұмысшылар шұңқыр қып қазып тастаған. Оқыс хабарды естіген жедел жәрдем мен полиция өкілдері де осында жүр. Әзірге, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ал жылу жеткізуге жауапты компания өкілдері апат құбырлардың әбден ескіруінен болған деп отыр.

Ян Гирин, «Алматы жылу» МКК ресми өкілі:

-Құбырдың ескіруінен деп болжап отырмыз. Қазір қала бойынша бүкіл жылу құбырларының 65 пайызының тозығы жеткен. Бәрін бірден жөндеу мүмкін емес. Енді әуелі жарылған құбырды жөндеп аламыз, сосын шығынын сақтандыру компаниясы төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.