{metadescription}
Оңтүстікте мәйіті табылған қыз бен оның туыс әпкесі құздан құлап өлген болуы мүмкін
Оңтүстікте мәйіті табылған қыз бен оның туыс әпкесі құздан құлап өлген болуы мүмкін

Оңтүстікте мәйіті табылған қыз бен оның туыс әпкесі құздан құлап өлген болуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда тауға серуендеп кетіп, 4 күннен бері іздестіріліп жатқан әйел мен бүлдіршін қыздың денесі табылды. Құтқарушылар 56 жастағы Әшіркүл Баймұратова мен 7 жасар Инабат Іңкәрбектің мәйітін Дәубаба ауылынан 10 шақырым жердегі Қарақуыс шатқалынан тапқан.

Жексенбі күні Шымкенттен келген әйел қасына кішкентай сіңлісін ертіп, тауға серуендеп кеткен екен. Сөйтіп, ауылдан ұзай бере жаңбыр жауып, қалың тұман түсіпті. Сондықтан екеуі адасып кетуі мүмкін. Оларды өздері іздеп таппаған ауылдастары полицейлер мен құтқарушыларға хабар берген болатын. 3 күн бойы тау-таста тінтіген 400 маманға бүгін ғана Ұлттық гвардия сарбаздары көмекке келді. Алайда, жоғалғандардың мәйіті табылып отыр. Ал тергеу жүргізіп жатқан шұғыл топ марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде