Алматыда жер сатуға наразылық білдіргендердің даусын Амантай қажы айғайлап естіртпей тастады
Амантай қажы аяқ астынан Владимир Ильичті жақтап шықты! Бүгін Лениннің туған күнін тойлап «аттандаған» ол, коммунистер көсемін біресе «қайраткер», біресе «күнәһәр» деп сөзінен шатасып қалды.
Автор: Аруна Ортай
22.04.2016
-Ленин - қазақ халқына көп нәрсе істеген адам! Қайраткер!
«Аттандап» жүрген қажы бұл жолы жақтастарын Лениннің Алматыда әлі қасқайып тұрған ескерткішінің алдына жинапты. Тіпті қанқұйлы қызыл империя көсемін жер-көкке сыйғызбай мақтап, қызды-қыздымен «күн-көсем» тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы деп салды. Негізі бұл алаңда бүгін жер сатуға қарсылық білдіргендер жиналған екен. Сәйкестік пе, әлде кездейсоқтық па «аттаншыл» қажы да Наурызбай көшесіндегі үйреншікті қиылысын тастап, осында келіпті. «Жер ешкімнің жекеменшігі емес, қазақтікі!» деген белсенділердің үнін де сол Амантай қажы айқайымен естірпей тастады. Десе де, Лениннің атын айқайлап айтып ел назарын аударғысы келген оның өзі де сөзінен шатасып қалды.
Амантай қажы Асылбек, «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі:
-Ол күнәһәр адам! Мен Ленинді «ақ» деп тұрған жоқпын! Лениннің еңбегін айтып тұрмын!
-Сонда күнәһәр адамның туған күнін тойлап отырсыз ба сіз бүгін?
-Ой сен айналайын, күнәһәрлар болады еңбегі зор болады айналайын! Түсінбейсің бе? Бұл таза адам болған, күнәһәр болған бірақ!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!