{metadescription}
Мемлекеттік сатып алу кезінде бағаның қолдан көтерілгені анықталды
Мемлекеттік сатып алу кезінде бағаның қолдан көтерілгені анықталды

Мемлекеттік сатып алу кезінде бағаның қолдан көтерілгені анықталды

Қазына қаржысын қалтаға баспақ болған! Шенеуніктер бюджет ақшасын жеу үшін мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны еселеп көтеріпті. Билігін пайдаланбақ болғандардың былығын жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро әшкереледі.

Мәселен, айналдырған 3 айдың ішінде, министрліктер, комитеттер мен әкімдіктер тендер кезінде  бюджет ақшасын мол қарпып қалуға тырысқандай. Яғни, керек-жарақтарын сатып алуға 2 жарым миллиард теңге жұмсамақ болыпты. Ұлттық бюроның тексеруі бұл соманың қасақана ойдан құрастырылғанын дәлелдеп отыр. Жемқорлықпен күресуші орган жазаны күшейткенмен пайда жоқ дейді. Басты міндет – оның алдын алу деп түсінеді. Дегенмен, бұл деректер бойынша әзірге бірде-бір атқамінер күдікке ілінбеген екен.

Есқали Саламатов, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің департамент директоры:

-Мәселен, Ақтөбе облысында мемлекеттік мекемелердің бірі байланыс қызметін пайдалану үшін қазынадан 1 миллиард 100 миллион теңге сұраған. Тексере келе, ол қызметтің 1 жарым миллион теңге тұратынын анықтадық. Сондықтан артық ақша бюджетке қайтарылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.