{metadescription}
Павлодардың бас орманшысы бензинге бола 10 жылға сотталуы мүмкін
Павлодардың бас орманшысы бензинге бола 10 жылға сотталуы мүмкін

Павлодардың бас орманшысы бензинге бола 10 жылға сотталуы мүмкін

Павлодарда «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының бас директоры қамауға алынды. Құмар Құсайынов бір тонна бензинді жымқырды деген айыппен ұсталған.

Дәлірек айтсақ, ол 100 мың теңгеден асатын мемлекет қаржысына алынған АИ-92 маркалы жанармайды өз игілігіне жұмсаған. Осы сұғанақтығы үшін Құсайынов уақытша қамау абақтысында тергелуде. Орман резерватын жыл басынан ғана басқарған азамат осы үшін он жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін. Ал оған дейінгі директордың заңсыз ағаш кесу деректерінің көбеюіне байланысты жұмыстан қуылып, істі болғанын айта кетейік. Ол кезде прокурорлар 12 мың текше метр аумақтағы орман алқабының жойылғанын анықтаған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде