Әлемдік нарықта мұнайдың бағасы тағы көтерілді
Бүгін «Брент» маркалы мұнайдың бір баррелі 46 жарым доллардан сатылып жатыр. Соның әсерінен теңгенің долларға шаққандағы құны да арта бастады.
Автор: Ербол Тұрымбет
27.04.2016
Бұл мұнай бағасының қатты арзандағалы бері көтерілген ең жоғарғы межесі. Халықаралық сарапшылар жақын уақытта 48 долларға жетеді деген болжам жасап отыр. Осының әсері болар, Қазақстан қор биржасында АҚШ ақшасының құны біршама төмендеді. Қазір доллар 331 теңгеден саудалануда. Ұлттық валютамыздың сәл нығайғанын көшедегі ақша айырбастау орындары да көрсетіп отыр. Кеше доллардың бағасы 333 теңге болса, бүгін тағы екі теңгеге арзандаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!