Қырғызстанда ірі лай көшкіні болып, адамдар қаза тапты
Көлемі миллион 200 мың текше метр топырақтың сырғуынан мал қоралар қирап, 16 жасар бала ажал құшты.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.04.2016
Табиғат апаты Жалалабад облысында болған. Оны сондағы малшылар ұялы телефонына түсіріп алыпты. Топырақ көшкіні мұндағы 6 бірдей үйді басып қалып, бір бала ұшты-күйлі жоғалған. Тез арада елдің төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындарынан құралған 200-ден астам адам жабылып сол баланы іздеуге кіріскен. Алайда, жеткіншектің өлі денесі қалың топырақтың арасынан табылыпты. Айта кетейік, бір апта бұрын дәл сол жерде 2 жарым миллион текше метрді құрайтын тағы бір лай көшкіні жүрген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!