Оңтүстікте сот үкімінің соңы төбелеске ұласа жаздады
Оңтүстік Қазақстанда пошта тонаған үш азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Күзетшіні соққыға жығып, 500 мың теңгеден аса ақша алып кеткен екі ағайынды мен олардың досы 11 жылдан бас бостандықтарынан айырылды. Бірақ судьядан бастап полицейлерге дейін қарғыс жаудырған олардың туыстары қарауылмен де шекісіп қалды.
Автор: Бек Әбиев
28.04.2016
-Өшір, мен саған қой емеспін. Сот әділ өткен жоқ. Әділетке жатпайды бұл. Өшір,өшір, өшір. Өшір деймін, көке. Қазір бетіңді жұлып тастаймын.
Күзетшілермен шекісіп, тіпті тілшілерге айбат шеккен бұларды полицейлер сот залынан әзер алып шықты. Ал қылмыс былтыр тамыз айында Шардара қаласында жасалған. Ағайынды Әсет және Асқар Батыршаевтар мен олардың досы Дәурен Нұрымбаев үшеуі поштада шаруаларға субсидия ретінде берілетін 80 миллион теңгенің бар екенін естиді. Бетперде киіп, шолақ мылтық және тапаншамен мұздай қаруланған үшеу түнделетіп іске кірісіпті. Алдынан шыққан жалғыз күзетшіні ұрып жыққан олар оның аяқ-қолын скотчпен матап тастаған. Алайда ғимараттың дабылқаққышы қосылып кетіп, ұрылардың миллиондарға кенелеміз деген ойы орындалмай қалады. Сөйтіп, тек 530 мың теңге алып үлгерген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!