Алматыда жұрттың күлкісін тудырған апатты әйел жүргізушілер жасаған
Алматыда жұртты таң қалдырған жол апаты болды. Күре жолды бөлісе алмаған жеңіл көліктердің бірі, екіншісінің үстінен бір-ақ шыққан.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.04.2016
Mitsubishi Pajero бір жолақтан екіншісіне ауысар кезде өрескел қателік жасап, ақыры Toyota Rav4-тің үстіне шығып кеткен. Әрі жол жиегіндегі темір қоршауларды да құлатқан. Бұл оқиға таңғы уақытта, Абай даңғылының бойында болды. Қос көлікті де әйелдер жүргізіп келе жатыпты. Тіпті өзара жолды бөлісе алмаған машиналардың бірінде мектеп жасындағы балалар болған. Оқыс оқиғадан Toyota-ның жүргізушісі зардап шекті. Қазір ол ауруханада жатыр. Ал маңайдағы адамдар жол апатын камераға түсіріп әлек. Сырттай күлкілі көрінген апатқа қатысты қазір тергеу жүргізілуде.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:
- Егер әйелдің алған дене жарақаттары ауыр немесе орташа деңгейде болғаны анықталатын болса, онда ол қылмыстық іс санатында болатын іс. Ал егер жеңіл жарақат алды деген тұжырым жасалатын болса, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!