{metadescription}

Петропавл түрмесінде Бірлік күні ерекше аталып өтілді

Темір тордың ар жағында мереке жалғасуда. Петропавлдағы 164/6 жалпы тәртіптегі әйелдер колониясында сотталғандар арасында Халық бірлігі күніне арналған байқау өтті. Жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер түрлі ұлттардың шаңырағын тігіп, әдет-ғұрпынан үзінді көрсетті. Бір күні бір күнінен аумайтын сотталғандар үшін мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы да зор дейді түрме басшылары.

«Сарыжайлау» әнін шырқап тұрған мына қызды бір млрд теңге жымқырған алаяқ дегенге сену қиын. Бірақ ол түрмедегі барлық мерекелердің көзайымы. Ал келін түсірген қазақ шаңырағының енесі рөлінде қостанайлық Күлән Жақанова. Ол жұрттан ақша алып, қайтармағаны үшін 6 жылға сотталған. Өзі өмірде де ене. Алайда ұлының тойын көруге жазбапты.  

Күлән Жақанова, жазасын өтеуші:

-Осы жерде болсақ та, бірақ өзімізді өзіміз қысылып сезбейміз. Бәрі жақсы. Тәуба, өткен мереке тойларын бәрін өзіміз дайындап, барлық костюмдерді, шаңырақты бәрін өзімізді қолымызбен істеп,қыздар бәрін өздеріміз дайындаймыз.

Бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан екі жүздей қыз-келіншек 20 шақты ұлт пен ұлыстың өкілдері екен. Бірінші мамыр мерекесіне арналған шарада олар бес халықтың өнерін көрсетті. Татар, кәріс, тәжіктердің көпшілікке белгісіз әдет-ғұрпын қыздар осындағы кітапханадан біліп, сахналады.  

Мұндай шараға тек жазасы жеңілдеулер, бойында өнері барлар ғана тартылады. Оларға басшылық тарапынан да көмек бар.

Қайыргелді Нұрбаев, ЕС 164/6 түзету мекемесі бастығының орынбасары: 

-Іс-шаралар жиі өткізіледі біздің мекемеде. Біздің өткізіп жатқан мерекеміз сотталғандардың қолдарымен жасалады. Біршілігі болсын деп, ешқандай араздық болмасын деп, осындай мереке өткізіп жатырмыз.

 Түзету мекемесінің әкімшілігі мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы болатынына сенімді. Ал  жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер үшін бұл – қатал күн тәртібіне аз да болса өзгеріс енетін бақытты сәттердің бірі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.