{metadescription}

Шымкенттік студент ескі күйтабақтарды кәдеге жаратуда

18 жастағы жігіт винил пластинкалардан сәнді сағат жасап, әжептеуір пайда тауып жүр.

Автомеханик мамандығын оқитын жігіт сабақтан қолы қалт еткенде пластинкалармен алысып әуре. Ерекше дизайнмен оюлап, сәнді сағат жасайтын ол ең қиыны идея табу дейді. Бұл ермегімен былтырдан бері айналысады. Гаражды жинап жатқанда әкесінің ескі күйтабақтарын көрген. Қоқысқа тастауға қимаған Евгений әуелі қиып көре бастайды. Содан бері 100 шақты сағат жасап шығарған. Көпшілігін туыстары мен достарына сыйға тартыпты. Ал кейбірі арнайы тапсырыспен жасалып сатылады. Сағаттың да нақты құны жоқ. Мың теңге мен 10 мың аралығында дейді өзі. Әзірше жұмыс көп. Әкеден мұраға қалған 250 дана күйтабақ бар екен.

Евгений Бортошик, студент:

-КТК – менің сүйіп көретін телеарнам. Сондықтан, арна құрметіне деп мына сағатты жасап шығардым. Бұл бұйымды жасауға 6 сағаттай уақыт кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде