{metadescription}

Алматыда бүтін аудан тұрғындары қырық жылдан бері ауыз сусыз отыр

Тіршілік көзінен тарықпас үшін суды амалсыз арнайы көлікпен үйлеріне тасып ішуге көшкен. Өйткені, қала билігі «Кеңсай» ықшамауданына әлі күнге су құбырын жүргізбепті. Алматыда тұрып, ауызсуға жарымаған тұрғындардың жайын тілшіміз Ербол Тұрымбет тыңдап келді.

-Мінекей, бұл көлік осылай күн сайын әрбір үйге кіріп-шығады. Алдағы екі күн демалыста мұнда су таситын көлік келмейді де. Сондықтан, Дмитрий алдағы екі күнде судан тарықпас үшін үйіндегі бүкіл ыдысына су толтырып жатыр.

«Кеңсай» тұрғындары күнделікті тіршілігін осыдан бастайды. Таң атысымен бәрінің сарыла күтетіні су әкелетін машина. Тек, үйінде су құйып алатын ыдыс болмай қалса, ертеңге дейін сусыз отыруға мәжбүр.

Осы көлік болмаса, маңайдың бәрі тіршілік нәрін татудан қалады. Ауыр техниканың шлангасын ауласына сүйреп әкелу әсіресе, шал-шауқанға қиын. Бұған көршілер де үйренген. Су келгенде бәрі үйлерінен шығып, қарт кісілерге көмектесіп, молынан құйып алуға тырысады.

Әкім Зейнахунов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Осы көшенің кәрісімін. Балаларым жұмыста. Су алу маған қалады. Әзір қартайдым. Шланганы көтеретін шамам жоқ, қысқасын айтқанда. Мына жастар жұмыс істейді. Бұлар жұмысқа кетіп қалса, водовоз келеді де бұлар ол күні су ала алмайды. Судың жетпеу себебі де сол.

Мұндағы жұрт ауласында азын-аулақ жеміс-жидек өсіру дегенді де ұмытқан. Тек, күнделікті шәй-суы мен ыдыс-аяғына әзер жеткізіп отырады. Айтуларынша, тұрғындардың осылай қиналып жүргендеріне 40 жылдан асқан.

Райхан Нұрахметова, Алматы қаласының тұрғыны:

-73-жылдан бері тұрамын. Одан бері 43 жыл болды. Міне, содан бері водовозбен ғана су ішеміз. Орталық қала Алматының өзінде 21 ғасырда сусыз өмір сүру деген қандай қиын жағдай?! Әрине, кейбір кезде қыстың күні су келмей қалады, жетпей қалады.

Кеңсайлықтар шағымын айтып, қайта-қайта арыз жазса да әкімдіктегілерден әлі күнге қайыр болмапты. Отыз қаралы түтіннің қашанғы осылай отырары да белгісіз. Қырық жылдан бері қайыр көрсетпегендерден біз де бір жөнді жауап ала алмай қойдық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде