{metadescription}

Франция астанасындағы шеру де қақтығыспен аяқталды

Париж жұрты еңбек заңнамасындағы өзгерістерге наразылық білдірген.

Полицияның шерушілерді тарқату үшін қолданған тәсілдері пайдаға аспады. Ал оларға қарсы тас пен шөлмектер лақтырылды. Айта кетерлігі ел ішіндегі еңбек заңнамасына қатысты реформаларға қарсы шерулер осымен бірнеше ай жалғасып келеді. Кәсіподақ мүшелерінің айтуынша, заңға өзгеріс енгізілген жағдайда жұмыс беруші жұмыс күнін ұзартып, қызметкерімен қосымша ақы жайлы ауызша келісім жасауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар жұмыстан шығару үрдісі де едәуір жеңілдетілмек. Бұны өз пайдасына асырған компаниялар еңбеккерлердің құқығын аяқ асты етеді деген қауіп бар. Қазіргі таңда Франциядағы жұмыссыздық көлемі 10 пайызды құрайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде