{metadescription}

Ақтөбеде кәсіпкер клиенттерінен айырған тұрғындарды сотқа берді

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары көрші орналасқан емхана басшыларымен дауласып жүр. Себебі, жекенің қолындағы медициналық мекеме үй ауласын көлік тұрағына айналдырған. Бұған ашуланған жұрт өздеріне тиесілі аумақты қоршап алған екен. Бірақ сол үшін клиника басшылары сотқа беріпті. Онымен қоймай пайдамыздан қақты деп, бес миллион теңге өндіріп беруді сұраған.

 Қаланың қақ ортасындағы бұл үйге жапсарлас емхана салынғалы бері тұрғындардың берекесі қашқан. Мұнда келген науқастар көліктерін аулаға қаңтарып, тіпті ойын алаңымен алшаң басып барады. Емханаға кіретін бөлек жол ашуды кәсіпкерден сұрағанымен, халықтың өтінішіне пысқырып та қарамапты.

 Нұрымжан Алдабергенов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Ауланы қоршап енді техника көбейіп кетіп балаларға ойнайтын тағы басқа мүмкіншіліктер жоқ қой. Мына жерден қаптап өтеді ғой бәрі де. Түрлі-түрлі науқас бар мысалы. Біз қайдан білеміз қандай науқаспен ауыратынын.

 Шыдамы таусылған тұрғындар ақша жинап, өздеріне тиесілі ауланы қоршап алған Бірақ клиенттер еркін кіріп-шығудан қалды деген желеумен оларды бизнесмен сотқа беріпті.

 Валентина Кравцова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Темір қоршауларды сот арқылы алып тастауды талап етті. Пайдамнан қақты деп бес миллион теңге де сұрады. Ал ол сот отырысына тұрғындарды шақырмады да. Біз одан мүлдем бейхабар болдық.

Ал жекеменшік емхана басшылары тұрғындармен тілдесуден қашып жүр.

-Ашық мәлімдеме жасаудан бас тартқан емхананың бас дәрігері судьяның ауладағы қоршауды жоқ қылуға шешім шығарғанын жеткізді. Ал тұрғындар болса сыртымыздан шағырылған шешіммен келіспейміз деп отыр. Сондықтан олар облыстық сотқа арызданбақшы.       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде