Таразда қарақшыларды ұстамақ болған тұрғын ажал құша жаздады
22 жастағы азамат, кәсіпкер әйелді тонап қашқандардың соңынан қуып жете бергенде оған баукеспелердің бірі тапаншамен атып сұлатып түсірген. Оқ Жандос Тоқтасынның аяғына тиіпті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
02.05.2016
Сара Байназарова, кәсіпкер:
-Үйімнен шықтым, үйімнің алдында екі жас бала отыр екен. Жақындап неге отырған баласыңдар деп сұрап едім, мойынымнан қылқындырып тапанша тақады. Сол мезетте қолымдағы сөмкемді жұлып алып қашып кетті.
Бұл екі жігіт кәсіпкер әйел үйінен шыға бергенде сөмкесіндегі 2 жарым млн. теңгесін алып тайып тұрған. Жанұшыра айғайлаған келіншектің дауысын сол маңнан өтіп бара жатқан Жандос естіп, қарақшылардың соңынан қуа жөнеледі. Ұрыларға жете бергенде, оған біреуі оқ атып сұлатып түсірген. Осы мезетте тәртіп сақшылары да шұғыл жетіп, 56 жастағы әйелді тонағандарды оқиға болған жерден ұзатпай ұстаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Ал ерлік жасаған азаматтың үйіне бүгін ішкі істер басқармасының басшылығы арнайы барып, алғыстарын жеткізді. Енді Жандосты арнайы марапатқа ұсынбақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!