{metadescription}

Ақтөбеліктерді өзен бетіне қалқып шыққан мәйіт шошытты

Ақтөбені бойлай ағып жатқан Сазды өзенінен мәйіт табылды. Қазір оқиға орнын полиция  тексеріп жатыр. Өзенде қалқып жүрген ораулы кілемді сол маңның тұрғындары көріп қалған. Олар құтқарушылар мен тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Кілемді жағаға шығарғанда ішінен адам сүйегі табылды. Ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, ол кісі 50-55 жас шамасында. Қаланың қақ ортасындағы бұл өзенде жұрт балық аулап, жазда балалалар шомылады. Күні-түні дамылсыз көлік өтіп жататын бұл жерге мәйіттің қалай түскені әзірге беймәлім. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде