{metadescription}
Атырауда бастықтарының былығын әшкерелеген полицей ұзақ мерзімге сотталды
Атырауда бастықтарының былығын әшкерелеген полицей ұзақ мерзімге сотталды

Атырауда бастықтарының былығын әшкерелеген полицей ұзақ мерзімге сотталды

Атырауда адам өлтірді деп айыпталған полицей сотталды. 10-нан аса бап бойынша кінәлі деп танылған Манарбек Өтеуов енді 22 жылын темір торда өткізуі тиіс. Шенді полицей адам өлтіру, бопсалау сында ауыр қылмыстардың барлығын басшылардың тікелей бұйрығымен орындадым деп, атышулы хатын жазған болатын. Қазір сол Өтеуов айтқан деректер бойынша Атырау қалалық Ішкі істер басқармасында тексеру жүріп жатыр.

Полиция лейтенанты Манарбек Өтеуов 9 айдан бері қамауда отыр. Бүгінгі сотта да ол өзбекстандық  Дмитрий Кимді 40 жерден пышақтап, қала сыртына көміп тастағанын мойындады. Кейін оның тұрып жатқан үйіне келіп, сейфтегі 1 миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен. Өтеуовтың бұдан басқа да ауыр қылмыстары жетерлік. Бірақ экс-полицей мұның барлығын бастықтың тапсырмасымен істедім дегеннен танған жоқ. Бүгінгі соңғы сөзінде де соны қайталады.

Манарбек Өтеуов, сотталушы:

-Осы жағдайға жеткенім осыжүйенің кесірі бәрі.   Түзелем әлі, шығам, Қазақстан Республикасының азаматы болып жұмыс істеймін, шындықтың бәрін алдағы уақытта мен бәрін айтам, осы уақытқа дейін болған қылмыстардың....

Бірақ, нақты қандай қылмыс екенін ашып айтпады. Ал, үкімді тыңдауға жәбірленушілер мен Өтеуовтың туыстарынан өзге бұрынғы әріптестері де келген.

Гүлнар Дәулетова, судья:

-Сотталушылар түсінікті ме үкім? Өтеуов сізге түсінікті ме? Түпкілікті сізге 22 жыл, қатаң режимінде, 5 тамыз 2015 жылдан бастап есептеледі.

Ал Өтеуовтың атышулы хаты бойынша тексеру жалғасып жатыр. Әзірге дәлелденген дерек жоқ. Естеріңізге салсақ, экс-полицей түрмеде жатып жазған хатында басшыларының былығын тізген болатын. Онда шенді полицейлер бас-басына коттедж тұрғызу үшін құрылыс базарындағы саудагерлерді бопсалағаны айтылады. Жезөкшелерден де салық алынған. Тіпті қарапайым тұрғындарға жасамаған қылмысты мойнына іліп, абақтыға жауып отырған көрінеді. Егер осы айтылғандардың ең болмаса біреуі расталса, талай шенді жылы орындарын босатқалы отыр. Іспен қазір Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тергеу тобы айналысуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде