Павлодарда ішімдік ішкен демалушылардың бірі суға кетіп, қаза тапты
Павлодарда Ертіс бойында ішімдік ішкен демалушылардың бірі суға кетіп, қаза тапты. Сырасы таусылған соң бөтелкеге өзен суын толтырмақшы болған 34 жастағы ер адамды ағыс алып кеткен.
Автор: Әйгерім Шакаманова
03.05.2016
Жағада кәуап дайындап жатқан жолдастары дауыстап, көмек сұраған азаматқа қол ұшын да беруге шамалары келмеген. Тек 112-ге қоңырау соғыпты. Құтқарушылар ер адамды не судан, не құрлықтан таппай сандалды. Өзен арнасын түгел сүзіп шыққан сүңгуірлер 34 жастағы азаматтың денесін ақыры жеті сағаттан кейін тапты. Жалпы күн жылынғалы жағажайға келушілер көбейген. Демалушылардың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауы осылайша қайғылы аяқталуда.
Сергей Лебедев, Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару бөлімі бастығының орынбасары:
– Қырық мың шарты метр аумақтағы өзен түбі түгел тексерілді. Оны жылдам табуға қатты ағыс мен судың лай болуы кедергі келтірді. Азаматтың денесі полицейлерге берілді. Тұрғындар сақтық ережелерін ескерсе мұндай жағдай азаяр еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!