{metadescription}
Алматыда жоғалған студенттің туыстары халықтан көмек сұрады
Алматыда жоғалған студенттің туыстары халықтан көмек сұрады

Алматыда жоғалған студенттің туыстары халықтан көмек сұрады

Алматыда жоғалған медицина университетінің студентінен төртінші күн қатарынан хабар жоқ. Санжарбек Арзиев сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні көше бойында көліктен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен еді.

Ертесіне оны әр жерден көрдік дегендердің сөзі де расталмай жатыр. Бір анығы, соңғы рет болған жері – Есентай өзенінің жағалауы. Бірақ, Санжарбек жоғалды деген ақпарат шыққалы бері қалалық төтенше жағдайлар қызметінің 7 сүңгуірі мен арнайы техникасы өзен арнасын сүзіп шықса да, таппай жатыр. Нақты бір мәлімет шықпайынша, арнайы мамандар өзен аңғарындағы іздеу жұмыстарын жалғастыра бермек. Санжарбек Арзиев туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, төмендегі телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

8 777 585 77 11

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.