Еліміздегі ең бай адамдар Алматы мен Астанада тұрады
Дүние-мүлікті заңдастыру науқаны аясында қос өңірдің тұрғындары қолдарындағы 552 миллионнан астам теңгені тіркеп, көш бастап келеді.
Автор: Жәудір Оразхан
03.05.2016
Ал, Қызылорда мен Маңғыстауда небары екі-үш адам ғана мүлкін заңдастыру туралы өтініш жазған. Жалпы, екі жылдың ішінде еліміз бойынша тұрғындар 910 банктік шот ашып, 590 миллиард теңгені заңдастырыпты. Ұлттық банктегілердің мәліметінше, ақшаны бес жыл міндетті түрде шотта сақтау және оны қолма-қол шешіп аларда мемлекетке 10 пайыз жарна төлеу туралы талап алынғалы, жұрттың заңдастыруға деген қызығушылығы бірден артқан. Ақшадан бөлек тұрғын үй, түрлі ғимараттар мен коммерциялық нысандар және құнды қағаздарын заңдастыруда. Осы уақытқа дейін 637 миллиард теңгенің дүниесі мемлекет есебіне алынған. Байлығын шетелдерде жинаған миллионерлер де бұл науқанды пайдаланып зәулім үй, жер, бизнес, құнды қағаздарын заңдастырып алуда.
Нұршат Сәрсенбаев, Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:
-Дамыған елдер, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Еуропадан бар. Негізі көбінесе Ресей мен Өзбекстанның шекараларының қасында. Үй алғандар бар, әртүрлі, кейбірінің бизнестері бар.Бәріне рақымшылық береміз. Арықарай одан ешқандай сұраныс болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!