{metadescription}
Алматыда 1 миллиард теңге тұратын пәтер  жұртты шошытты
Алматыда 1 миллиард теңге тұратын пәтер  жұртты шошытты

Алматыда 1 миллиард теңге тұратын пәтер жұртты шошытты

Алматыда баспана саудасы бәсеңдеді. Құны көк тіреген үйлер теңге құнсызданған сайын қайта қымбаттап, ендігі өтпей де қалған. Ал үйге мұқтаж жандар көбеймесе, сиреген жоқ. Әйтседе, бүгінгі баспана бағасы арзан үйден үміті барлардың күдерін біржолата үзген сыңайлы. Одан қалды, орта жолдан қосылған маклерлер де жұрттың «үйге» деп жиған қаржысына қол сұғып, баспана алуды одан сайын қиындатқан.       

-Жасауымды беріп қойған, әлі құрған жоқпыз! Ата-енем айтып жатыр осы кейін үйлерің болғанда алып кетесіңдер деп. Мен айтам оған дейін шіріп кететін шығар ол дүниеміз деп...

Ақсәуленің бар ойы-баспана. Отбасылы болу арманы орындалғанымен, жұбайы екеуі емізулі сәбиімен кісі босағасында жүр. Жарының 70 мың теңге жалақысы пәтер ақысына жетіп, үшеуі күйеуінің «таксиші» боп тапқан ақшасына күнелтіп жүр.    

Ақсәуле Сұлтамұратова:

-Қарасаңыз, 50-55 мың долларға алуға болады дейді.50 мың доллар 20 миллоннан асады ғой! Ол ақшаны сен өзің былай жинап ала алмайсың ешқашан. Осылай бір айлыққа қарап отырған отбасылар олай ала алмайды.

Баспананың арманға айналғанын мамандар да мойындап отыр. Арзан үй жоқ дейді Азамат Дүйсенбаев. Бір өзі 60 пәтерді саудалап жатқан риэлтордың айтуынша, Алматыда үйлі болу үшін қалтада ең кемі 10 миллион теңге болу керек.           

Бұл қазір Алматыда сатылып жатқан үйлердің бірі. 300 шаршы метрден тұратын 5 бөлмелі алып пәтер. Құны болса, 600 мың доллар екен. Оны теңгеге шаққанда қазіргі курспен 600мыңды көбейтеміз 332-ге мінекей 199 миллион 200 мың теңге. Бірақ, бұның өзінде де ең қымбат пәтер емес. Риэлторлардың айтуынша, Алматыда ең қымбат пәтердің құны 1 миллиард теңгеге дейін жетеді.

Яғни, сарапшылардың баспана алда арзандайды дегені бос сөз болғаны. Қазірдің өзінде орта қолды пәтердің өзі 18 миллион теңгеден басталады. Ал орталықтан ойып тұрып аламын десеңіз, құрығанда 40 миллион қажет. Теңгенің құнсызданғанына байланысты сауда осылай саябырсыған. Әйтседе, элиталы үйлерге біраз сұраныс өсіпті.        

Азамат Дүйсенбаев, риэлтор:

-Сұраныс болып тұр ғой. Ақшасы бар адамдар алады ғой.

Пәтер құнының қымбаттай түсуіне маклерлердің де кері әсері тиген. Өзгенің үйін өз тауарын айналдырған олар сатып алушылардан 700 мың теңгеге дейін үстеме ақы жинап жүр. 

Пәтер саудасынан пайда тапқандар осылай сатып алушыларды соңғы тиынына дейін сыпырып алуға даяр. Заңдық тұрғыдан барлық көмек көрсетіледі дегенмен, сатушының да, сатып алушының да қалтасын қағатын мұндай пысықайлар тек мекен-жай көрсетуден арыға бармайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде