{metadescription}
Алматыдағы үйлерін қызыл су басқан тұрғындарға өтемақы төленетін болды
Алматыдағы үйлерін қызыл су басқан тұрғындарға өтемақы төленетін болды

Алматыдағы үйлерін қызыл су басқан тұрғындарға өтемақы төленетін болды

Бүгін Алатау ауданының әкімдігі Алғабастағы үйлерді аралап, қанша баспананың бүлінгенін есептеп жатыр. Табиғаттың тосын мінезіне тап болғандарға 200 мың теңге көлемінде көмек көрсетілмек. Алайда бар күшті Алғабасқа жұмылдырған атқамінерлер қаланың басқа аудандарын ұмыт қалдырған секілді. Себебі Есентай өзенінің бойындағы тұрғындар биліктен көмек келмеді деп кейіп отыр. 

-Көмектерін аямай жасап жатыр. Осыған да ризамын.

Кеше ғана жанын қоярға жер таппай жүгіріп жүрген Алғабас тұрғындары бүгін жайдары. Себебі бес күннен бері тынымсыз жұмыс істеген техника мен құтқарушылар 41 ауланы лайдан аршып алған. Енді әкімдік қызметкерлері әр үйді аралап, бүлінген баспаналарды анықтауға кірісті. Жапа шеккен әр үйге 200 мың теңгеден аса аса өтемақы да төленбек. Алайда қора-қопсысы ғана бүлінгендерге ақша жоқ. Есесіне белуардан балшық басқан көшелерге енді тас жол төселетін болды.

Маржан Балбаева, Алатау ауданы әкімінің орынбасары:

-Осы айдың 15-16- на дейін мына Желтоқсан көшесін асфальттаймыз. Тұрғындарға көмек көрсетеміз қолдан келгенше.

Қазір Алғабастағы апат салдарын жою жұмыстары аяқталуға жақын. Судың ағынына кедергі келтірген көпірлер бұзылып, орнына уақытша өткелдер жасалған. Алайда Жетісу ауданындағы жағдай жетісіп тұрған жоқ. Бар күшті Алатау ауданына жұмылдырған атқамінерлер Есентай өзенінің бойындағы су басқан үйлерді ұмыт қалдырса керек. Мұндағы тұрғындар жертөлеге толған суды бес күннен бері өздері құрғатуға мәжбүр.  Тіпті тұрғындар арнасынан асқан өзен жағалауын да өз беттерінше нығайтқан. Оның өзінде құм-тасты әкімдіктен жалынып жүріп алдық дейді.

Қарақат Айтбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бір камаздың жартысын түсіртіп алдық. Ақшамыз жоқ қалтамыздан шығарып сатып алып жатырмыз дейді әкім орынбасары. Міне, осы басқа келіп жатқан ешкімді көрген жоқпыз.

Қазір мұндағы жұрт тасқын тағы қайталана ма деп қорқып отыр. Өйткені нөсер жауын тыйылар емес. Тіпті толассыз жауған жаңбыр жайқалған тал-теректі де жайпап жатыр. Ылғалдан түбі босаған кей ағаштар шыдас бермей құлаған. Мәселен, мына көшеде алып ағаш түп-тамырымен қопарылып, ауладағы жеңіл көлікті жапырып тастаған. Темір тұлпар енді мінуге жарамсыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде