Мамытбеков жер саудасын бақылайтын ұйым құруды ұсынды
Елімізде миллиондаған гектар жердің сатылуы мен жалға берілуін қадағалайтын ұйым құрылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрі осындай бастама көтеріп отыр. Бұл тұрғыда Асылжан Мамытбековке Австралияның тәжірибесіне қатты ұнап қалған.
Автор: Досжан Маратұлы
03.05.2016
Өйткені, Австралияда шетелдіктердің жерді сатып алу немесе жалға алуын арнайы кеңес бақылап отырады. Бірақ, бұл органның рұқсаты тек келісім-шарт 11 миллион доллардан асқан жағдайда ғана қажет . Әрі инвесторларға тыйым салатын сәттері аз екен. Сондықтан инвесторлар Австралиядан қалауынша гектарлап жерді сатып та, жалға да ала береді. Ал Асылжан Мамытбеков бұл тұрғыда Қазақстанның заңы қатал деп отыр. Біздің елімізде шетелдіктерге жер сатып алуға заңмен тыйым салынған.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-Бізге Австралиядағы сияқты инвесторлардың жұмысын қадағалайтын кеңес құру керек. Бұл ұйым шетелдіктермен жасалатын келісім шарттарды бақылап, халықты құлақтандырып отыруы тиіс. Кімде тағы ұсыныс болса,Ұлттық экономика министрлігіне жолдауына болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!