КТК арнасы Отан үшін қан төккендер туралы фильмді көрсетеді
Жүректі шымырлатар 3 минут! КТК арнасы Отан үшін қан төккендер туралы қысқа метражды фильмді назарларыңызға ұсынады. Туындыда соғыс алдындағы санаулы күндер сәті бейнеленген. Әсіресе, ұлт басына төнген ұлы нәубеттен әлі бейхабар жастардың кенеттен өзгерген өмірі көрерменді толғандырмай қоймайды.
Автор: Аруна Ортай
04.05.2016
Шағын ғана туындыда бұрынғы Алматы көзге оттай басылады. 30-40-шы жылдардағы тұрғын үйлер, қазір азайған апорт алмасы да бар мұнда. Соғыстан әлі бейхабар жастар аулада асыр салып ойнап жүр. Десе де, бұл жаз олар үшін тез бітіп қалды. Небәрі 3 минутқа созылған фильм шытырманға толы. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңыда ардегерлерге деген құрметпен түсірілген туынды бірнеше елде марапат алған. «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» ұранымен басталған жобаға Тұңғыш Президент қоры қолдау көрсетіп жатқанын айта кетейік. Ендеше, тарихты ұмыттырмауға күш салған 3 минутық киноны дәл қазір көріңіздер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!