{metadescription}

Семейдің ашқұрсақ бірқазандарды Шымкентке жіберілді

Семейдің биологиялық орталығы бірқазандарды асырай алмай, Шымкент зообағына тапсырды. Ал олардың орнына оңтүстіктен екі тотықұс әкелініпті.  

Күннің қара суығында ұядан кеш шыққан бұйра бірқазандар Семейге Кереку өңірінен жеткізілген болатын. Тамақсау келетін сол құстарды орталық мамандарына қоректендіру ауыр соққан. Өйткені олар күніне үш келі балық жейді. Ал мұндағылар олардың қажеттілігін қамтамасыз ете алмаған. Тіпті биологиялық орталықтағылар тұрғындардан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сөйтіп, 6 ай өлместің күнін көрсеткен бірқазандарды Шымкентке жөнелтіп тынды. Енді үш күн аш құрсақ жүруге шыдайтын құстар ұзақ жолды еңсеруі тиіс. Ал шырайлы қалада мол азық пен қанат сергітетін кең алаң да бар екен.

Әйгерім Елемесова, Семей биологиялық орталығының бөлім меңгерушісі:

-Біз бұларды неге жіберіп отырмыз? Өйткені, бізде үлкен алаң жоқ. Қазір көктем кезі. Оларды далаға шығару керек. Онымен қоса үлкен бассейн қажет. Су жануары болғандықтан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде