{metadescription}

Астанада POS-терминалы бар полицейлер пайда болды

Астанада ереже бұзған жүргізушілер айыппұлды тура көлікті тоқтатқан полицейге төлей алады. Жол сақшылары бұдан-былай қолдарына ала таяқтан бөлек, POS-терминал да алып жүрмек. Елордалық сақшыларға айыппұл қабылдайтын арнайы құрылғыны «ForteBank» ұсынған.

Қазір астаналық полицейлер ереже бұзған жүргізушілерге түбіртек жазып беріп қана қоймай, тура жол бойында айыппұл қабылдай да алады. Сақшының қолында сауда-саттық жасауға арналған терминалға ұқсас мынадай шағын әрі ыңғайлы құрылғы бар. Егер жүргізушінің банктік карточкасында ақша болса, айыппұлды дәл осы терминал арқылы бірден  төлей алады.

POS-терминалға  жүргізушілер де,  ерекше қызығушылық танытуда. Өйткені, көбінің айыппұл төлеу үшін банкке немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, ұзақ кезек күтуден қашады.

Нұржан Әділов, Астана қалалық ІІД ӘПБ бастығы:

-Бір күннің ішінде үш операция болды. Жол ережесін бұзған адамдар төледі, банкоматтық карточка арқылы. Өздері айтып жатыр: ыңғайлы екен төлеуге, бізге жақсы екен, уақытымызды кетірмейміз, - деп.

Елімізде бұған дейін полицейлерде айыппұл қабылдайтын құрылғы болған емес. Сақшыларға заманауи POS-терминалды «ForteBank» ұсыныпты.

Шолпан Нұрумбетова, «ForteBank» басқармасы төрағасының орынбасары:

-Айыппұлды терминал не кассаға төлеудің еш айырмашылығы жоқ. Комиссия көлемі сол 1 жарым пайыз. Яғни, 5 мың теңге айыппұл төлесеңіз, 75 теңге комиссияға ұсталады.

Ал, терминал қабылдаған қаржы бірден орталық базаға түседі. Сондай-ақ, жүргізушілер осы құрылғы арқылы жиналып қалған ескі қарыздарын да төлеуіне болады.

Әзірге POS-терминал астаналық 30 полицейде ғана бар. Егер жүргізушілер жол бойында айыппұл төлеуге үлкен қызығушылық танытса, еліміздегі барлық сақшыға осындай құрылғы таратылмақ. Ал, айыппұлды бірден немесе 7 күннің ішінде төлегендерге 50 пайыздық жеңілдік жасалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.