{metadescription}

Мәскеулік ветеринар Алматы зообағындағы жолбарысты дәрі егіп өлтіруге кеңес берді

Амур жолбарысын емдеу оны қинаумен тең. Алматы зообағындағы аңдардың денсаулығын тексеру үшін Мәскеуден арнайы шақыртылған ветеринар емнің пайдасы болмайды деген қорытындыға келген. Сондықтан жолбарысты дәрі егіп өлтіру қажет дейді Михаил Альшинецкий.

Құралайды емдеу тәсілдерін қарап шыққан мәскеулік маман жолбарыстың жамбасындағы ашық жарадан сүйегінің көрініп жатқанын және оның асқа жоламағанын байқаған. Ал беріліп жатқан дәрілердің пайдасы шамалы екен. Сондықтан жануардың жанын қинамай өлтіру қажет деген қорытынды жасапты. Бірақ зообақ басшылығы алған бетінен қайтпай отыр. Азып-тозып кеткен Құралай атты жолбарысты қайткенде де аяғынан тік тұрғызамыз деген ойда.

Ақбай Әжібаев, Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары:

-Мәскеулік дәрігер өз пікірін айтты. Бірақ біз мүмкіндіктің бар екенін көріп тұрмыз. Сондықтан соңына дейін күресеміз. Қазіржолбарыс әдеттегіден екі есе көп тамақ жеп, орнынан өз күшімен тұра алады. Бұл біз үшін айтарлықтай жетістік

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.