Қазақстан қырғыз картобын елге кіргізуге уақытша тыйым салды
Бішкек пен Астана арасында сауда дауы басталуы мүмкін. Қазақстан қырғыз картобын елге кіргізуге уақытша тыйым салды. Себебі, көрші мемлекеттен әкелінген картоптың көбінен құрттар шыққан.
Автор: Сабина Мәдиқызы
04.05.2016
Тіпті, көлемі бір жарым милиметрлік зиянкескер аса қауіптілердің санатында екен. Сондықтан еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мың тонна картопты кері қайтарып жіберген. Құрттағаны білінбейтін осы картопты жеген адамның денсаулығы әлсірей бастайды дейді мамандар. Ресми Астана одақтас көршісіне мәселені анықтауды сұрап хат жолдағанымен, Қырғыз Үкіметінен ешқандай жауап болмапты. Сол себепті Қазақстан экспортқа тыйым салуға мәжбүр. Шектеудің қашанға дейін созылары да белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!