{metadescription}

Таразда жантүршігерлік жол апатынан адамдар қаза тапты

Жеңіл машина автобусқа соқтығысып, екі жас жігіт ажал құшты. Сол көлікте болған тағы екі бойжеткеннің бірі ауруханада ес-түссіз жатыр. Мәліметтерге қарағанда, қайғылы жағдайға қатты жылдамдықпен жүйткіген Лада Приораның жүргізушісі кінәлі.

Құтқарушылар күл паршасы шығып, жапырылған машинаның ішінен өлген екі жігіттің денесін әзер шығарып алған. Қаза болған азаматтар 17-18 жастағы жергілікті тұрғындар. Белгілісі, автобекетке асыққан екі бойжеткен такси ұстаған. Соларды мінгізіп, ұшқан құстай жүйіткіген Приора автобусқа қатты соғылған. Апаттан тек артқы орында отырған екі қыз тірі қалды. Қазір екеуі да ауруханада. Бірі есін жиятын емес. 

Бақытжан Досжанов, Тараз қалалық № 1 ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

-Ол қыздың диагнозы бас сүйегі жарылған, миына қан құйылып, шайқалған. Мұндай науқастар екі-үш апта ауруханада болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.