{metadescription}

Алматыда өлі күйінде табылған студенттің денесінен азаптау белгілері анықталмаған

Алматыда ұшты-күйлі жоғалған студент ақыры Есентай өзенінің бойынан өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, тасқын су марқұмның денесін өзеннің төменгі сағасына дейін ағызып әкеткен.

Сәтбаев көшесі маңынан жоғалған Санжарбек Арзиевтің денесі бесінші күн дегенде Есентай өзенінің Рысқұлов даңғылымен қиылысқан тұсынан табылды. Студент көзден ғайып болған күні Алматыда үздіксіз жауын жауған еді. Салдарынан өзен ағысы күшейіп, мәйіттің мұнша алысқа кету себебі де содан делінуде. Іздеу шараларын жеңілдету үшін құтқарушылар өзен ағысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Марқұмның бет әлпеті қатты бұзылмаған дейді полицейлер. Сондықтан, қандай да бір зорлық-зомбылық жасады деуге келмейді. Дегенмен, оқиғаның мән-жайы енді сот сараптамасынан кейін анықталмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде