{metadescription}

Қарағанды облысында бөгеттің жарылуына кінәлі деп айыпталған шенеуніктер жазадан құтылып кетті

Қарағанды облысындағы Көкпекті апатына байланысты сот процесі аяқталуға жақын. Дегенмен прокуратура су қоймасының жағдайына жауапты деп тергеуге алынған 2 шенеуніктен айыптауларды алып тастады.  

Ал су қоймасын жалға алып, кәсібін дөңгелеткен Владимир Крючковты 4 жылға түрмеге қамауды сұрады. Күдіктінің адвокатары процестің басынан бері жарылған бөгеттің кәсіпкердің иелігінде болмағанын айтуда. Тексере келгенде бөгеттің тіпті иесіз тұрғаны да анықталды. Сонда да кәсіпкер шенеуніктерге су қоймасының апатты жағдайын айтып хат жазғаны сотта дәлелін тапты. Бірақ Крючковпен бірге тергеуге түскен Бұқар Жырау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы бастығы Рашид Жантүлеков пен ауылдың экс-әкімі Бақытжан Смайылов жауапкершілікпен босап шыға келді. 2014 жылдың 30-шы наурызында Көкпекті ауылының үстіндегі бөгет жарылып, ауылда жойқын тасқын жүрген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, мыңға жуық мал қырылып, 200- ден аса баспана қираған еді. Келген шығын көлемі 1 миллиард 300 милллион теңгеге бағаланды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.