{metadescription}

Назарбаев шені өскен генералдарға ел алдында ұятқа қалдырмауын сұрады

Шені өскен су жаңа генералдар қызметіне адал болуға серт берді! Бүгін Астанада президент 7-ші мамыр Қарулы күштердің құрылған күніне орай  ең жоғарғы мемлекеттік наградаларды табыстады. Ақордаға 40-қа жуық  лауазымды офицерден бастап қатардағы сарбазға дейін шақыртқан Нұрсұлтан Назарбаев, олардың шенін өсіріп, атақтарын салтанатты жағдайда өз қолымен берді.

Шетел басшыларымен келіссөз жүргізілетін президент сарайына имене аяқ басқан лауазымды офицерлер бүгін нағыз жұлдыз. Жұлдызы ғана емес, бәтеңкелері де жарқырап тұр. Кең залға кіріп келген президент алдымен Дмитрий Родиннің мерейін өсірді. Наурыз айында ол жүзден аса адамды өлімнен құтқарып, жолаушылар ұшағын алдыңғы доңғалақсыз Астана әуежайына сәтті қондырған. Бұл ерлігі үшін Родинге «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Дәл осындай «Халық қаһарманы» атағын Қайрат Үмбетов те алды. Ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған полковник Қарағанды облысындағы жаттығу кезінде, абайсызда жарылған гранатадан 19 жастағы сарбазды кеудесімен жауып ажалдан құтқарып қалған. Денесінде гранатаның 31 жарықшағы қалып қойса да, сыр білдірмеген Үмбетовтың батылдығына президент ерекше тәнті болды.

-Жазылып шықтың ба сен? Шығарды ма бәрін?

-Жоқ, әлі емделіп жүрмін. Қанша тұр денеңде, 31 жарқыншақ.

-Шығара ма?

-Өзі шығады.

Мемлекеттік награда Қорғаныс, Ішкі Істер, Ұлттық қауіпсіздік пен құқық қорғау органдарының лауазымды басшыларымен бірге, Әсем Жәкеноваға да бұйырды. Ақордаға марапатын алуға келген жалғыз мерген қыздың кеудесінде енді «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі жарқырап жүрмек. Бұдан-бөлек Қарулы күштердің Бас қолбасшысы су жаңа Бас прокурордың дәрежесін өсірді. Жақып Асанов – бүгіннен бастап екінші санаттағы әділет кеңесшісі. Генерал атанғандардың арасында ғарышкер Айдын Айымбетов пен президенттің жеке оққағары да бар.

-Қазақстан Республикасына және Президентімізге  қызмет етемін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Қарулы күштер, арнаулы қызметтер қатарындағы жас сарбаздар сіздерге қарап бой түзейді. Сондықтан генерал деген айбынды атаққа дақ түсірмей, офицердің ар-намысын қашанда биік ұстаңыздар. Себебі бүгін сіздерге шен беретін маған серт, ол шенді абыроймен алып жүрмеу сіздерге серт. Бір-бірімізді ұятқа қалдырмайық.

Осылайша, бір сәтте Ақордадан абыройы асқақтаған қатардағы сарбаз, полицей, прокурорлардың   жалақысы да әжептәуір өсетін болды.

Ал Қарулы күштердің құрылған күні мемлекеттік мереке болғандықтан 7-ші мамыр елімізде демалыс. Әрі қарай 9-шы мамырмен  жалғасатындықтан тұрғындар 4 күн бойы тынықпақ. Бірақ, атаулы қос мейрамда да дәстүрге айналған ауқымды әскери парад биыл өтпейтін болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.