{metadescription}

Астаналық қариялар жол жүру картасына тағы таласып қалды

Өйткені, атышулы «Оңай» жүйесіне ұқсас төлем жақында Елорда автобустарында да пайда болады. «Астра Плат» деп аталатын электронды төлем жүйесіне ауысу үшін қариялар осы айдың аяғына дейін жол жүру картасын алуы тиіс.

-Қолыңды немене ұстап тұрсың?

-10 адам кіреміз.

Сондықтан, зейнеткерлер мен мүгедектер және көп балалы аналар таңғы 5-тен бастап осылай кезекке тұруға мәжбүр. Тіпті, төлем картасын алуға таласқандардың арасында екі күннен бері жүргендер бар. Бір-бірін итеріп ішке кіріп жатқан олар кейін, суретке түсіп, аты-жөні жазылған электронды карта алуда. Ол қоғамдық автобустарда тегін жол жүруге мүмкіндік береді.

Ал, мұндай жеңілдікті ала алмай қаламыз ба алаңдаған қарияларды әкімдік қызметкерлері сабырға шақырып әлек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде