Семейдің әкімі берешегі бар халыққа өзі телефон соғуға мәжбүр
Арқаны кеңге салған семейлік шенеуніктерге тықыр таянды. Олар облыс әкімінің орынбасарынан жылуға қарызы барлардан қаражат жиналмаса жұмыстан кетесіндер деген сөз естіп қалды. Бүгінде, коммуналдық мекеме жарықпен қамтамасыз ететін монополистке 1млрд теңгеден аса қарыз екен. Енді, сасқандарынан жылудың қажеті шамалы шақта, берешегі бар тұтынушыларды орталық жүйеден ажыратып жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
06.05.2016
Мына 9 қабатты баспана тұрғындарының жылуға қарызы 2 млн. 600 мың теңге. Тұрғындардың біразы тіпті талай жылдан бері көк тиын төлемеген. Сондықтан бір пәтердің қарызының өзі 200 мыңнан асып жығылады.
-Қазір телефон соғып шақырамын.
Есікті жаппаңызшы...
Коммуналшылар күнде осылай борышкерлердің үйлерін аралап жүр. Өйткені облыстағы басшылық 1 маусымға дейін тұрғындардан қарыздың көк тиынын қалдырмай жинауды бұйырды.
Димитрий Гариков, ШҚО әкімінің орынбасары:
-Коммуналдық қызмет тауар сияқты. Мысалы, дүкеннен бір нәрсе алса ақшасын төлейді ғой. Ал жылуға келгенде неге төлемейді? Бұл сіздердің әлсіздіктеріңіз. Неге жүйелі жұмыс жүргізіп, жылудан ажыратпайсыңдар.
Тапсырама мерзімінде орындалмаса, жауаптылар жұмыстан қуылады сес көрсетті облыс басшысының орынбасары. Жалпы коммуналдық мекеме жарыққа 1млрд. теңгеден аса қарыз. Онымен қоса, келер қыстан қысылмай шығуға дайындық жүргізу тағы бар. Ал сөз естіген семейлік қызметкерлер қарыз жалғыз бізде емес деп ақталғандай болды.
Гауһар Жетпісбаева, Семей қалалық «Жылукоммунэнерго» МКК бөлім басшысы:
-Мұндай қарыз барлық қалада бар. Жалғыз бізде ғана емес. Жұрт төлем жасауға асықпайды. Ал біздегі 1 млрд. теңгеден асқан қарыздың 700 млн-ы жеке тұлғаларға тиесілі.
Коммуналшылар кешқұрым рейдке шығып, жылу үшін қарызы барларды жаппай ажыратып жатыр. Сондай-ақ, кейбір тұрғындардың дүние- мүлкін тәркілеуде. Тіпті қала әкімінің өзі борышкерлерге қоңырау соғуға мәжбүр. Алайда дәл қазір жылудың жұртқа керегі жоқ болғандықтан, олар бәрібір төлемақы жасауға асығатын емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!