{metadescription}

Қарағанды облысында мал пастереллезден жаппай қырылып жатыр

Қарағанды облысында бүтін бір ауылдың малы пастереллезден қырылып жатыр. Ресми дерек бойынша, соңғы ай ішінде 150-ге тарта ірі қара арам өлген. Бірақ тұрғындар қырылған сиырдың саны бұдан үш есе көп деп отыр. Мал дәрігерлері мен ауылдағылар осы уақытқа дейін індетке ем таппай естері кеткен. Ал кесел ұсақ малға да жұғып үлгеріпті. Індет дендеген ауылда тілшіміз Саят Сабдалы боп қайтты.

Жаңа туып, уызға жарымаған мына бұзаудың енесі кеше өлген. Бақты ауылында соңғы күндері әр үйдің қорасындағы азан-қазаннан құлақ тұнатын бопты. Айтолқын Көктаева да қорасынан таңертең ғана 11 өлік шығарды. Түс ауа мына танасы да тұяқ серппей қатыпты.

Айтолқын Көктаева, Бақты ауылының тұрғыны:

-Сиыр сағыз шайнап жатқан сияқты. Аузынан көбігі түсіп, жердің барлығы көбік болады. Содан кейін барып ыстықтары көтеріледі. Температурасын өлшеген жоқпыз. Бірақ дірілдеп тұрады мал. Шөп те жей алмайды. 

Ірі қара індеті бір жарым ай бұрын ауыл маңындағы қыстақтағы малдан тарапты. Тұрғындар мұндағы билік сол кезден-ақ жағдайды қолға алса, мәселе ушықпас па еді дейді. Кейбірінің ойынша, ауыл үстімен өтетін жүк көліктерінен түскен руданы мал жалап улануы мүмкін.

Алма Ыбыраева, Бақты ауылының тұрғыны:

-Жолдың барлығын көрдіңіздер ғой. Руда шашылып жатыр. Былтыр да мал өліп жатқан. Кешке қарай мал келсе аузын марганцовкамен сылаймын. Өзі менің қарап отырған 6 балам, 3-ақ сиырым бар. Біз не істейміз, ал?

Енді істерге амал жоқ. Өйткені сараптама қортындысын әкелген шенеуніктер бұл кеселдің көзін малмен бірге құрту керек дейді. Сондықтан жайлаудағысына жұқпаса, ауылдағы аша тұяқтының барлығы шұжыққа тартылып, консервіге басылатын болды.

Саят Мусин, Қарағанды облыстық ветеринария басқармасы бастығының орынбасары:

-Пастереллез деген індетті анықтап отыр. Осы індет бойынша ары қарай жұмыстар жасалады. Жаңағы промпереработкаға жіберіледі ауырып тұрған мал. Дизенфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Келген шығынның 50 пайызын жаңағы промпереработчик төлейді. Қалған 50 пайызы үкімет қаржысынан төленеді.

Шалғайда жатқан Бақты ауылының айналасы айналдырған бір айдың ішінде өлексеге толып кетті. Енді аурудың аты анықталғасын ауылда бар 3500  ірі қараның 1200 –і пышаққа ілінеді. Ал осы індеттің белгілері байқалған ұсақ малдың да санағы алдағы күндері жүргізілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.