{metadescription}

Ұшақ апатынан қаза тапқан офицерлердің жесірлері Шекара қызметін сотта жеңіп шықты

Әуе апатында көз жұмған шенді шекарашылардың жесірлері  сотта ақыры жеңіп шықты. Енді Шекара қызметі марқұмдардың отбасыларына өтемақы ретінде 1 миллиард теңге төлеуі тиіс.

Яғни, қара жамылған 26 отбасының әрқайсысы 57 миллион теңгеден алады. Астана соты шығарған шешім бір айда күшіне енуі керек. Сағызша созылған іс осылайша жәбірленуші тараптың пайдасына шешіліп отыр. Негізі, сақтандыру компаниясы марқұмдардың шаңырағына деп әу баста 1 миллиард теңге бөлген. Сол ақшаны жәбірленушілерге үлестерудің орнына, Шекара қызметі республикалық бюджетке аударып жіберген болатын. Ал офицерлердің жесірлері өтемақының өздеріне тиесілі екенін ақыры дәлелдеп шықты. Шекара қызметінің басшылары отырған ұшақ 2012-ші жылдың желтоқсанында Шымкент маңында апатқа ұшыраған. Салдарынан 27 адам көз жұмды.

Татьяна Рахман:

-Бұл әкесі қаза тапқаны үшін біздің балаларымызға берілген ақша. Сондықтан мемлекет бюджетін жабу үшін оны бізден алмауы тиіс. Сот шешіміне ризамыз. Енді Шекара қызметі апелляциялық шағым түсірсе де Жоғарғы сот бізді қолдайды деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.