{metadescription}
Жер дауынан соң Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрлерді тағайындады
Жер дауынан соң Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрлерді тағайындады

Жер дауынан соң Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрлерді тағайындады

Есілдің сол жағалауында ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Жер кодексін жалпақ жұртқа жан-жақты түсіндіре алмағаны үшін жұмыстан кеткен Ерболат Досаевтың орнына жаңа министр тағайындалды.

Ұлттық экономика министрлігін енді 36 жастағы Қуандық Бишімбаев басқарады. Бұған дейін ол «Бәйтерек» холдингінің төрағасы болып қызмет еткен. Содай-ақ,бүгін су жаңа Ақпарат және байланыс министрлігінің басшысы да тағайындалды. Бұл ведомства ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі кез-келген жарияланымдарды талдап, мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізуге атсалыспақ. Оның тізігін Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бес жыл бойы баспасөз хатшысы болған Даурен Абаевқа сеніп тапсырып отыр. Кеше ғана Елбасыдан қатаң сөгіс алған Асылжан Мамытбеков те бүгін қызметімен қоштасты. Ал енді Ауыл шаруашылығы министрі болып «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Асқар Мырзахметов жайғасты. Оның орнына Мұхтар Құл-Мұхаммед келді. Осылайша жұрттың жаппай наразылығын тудырған жер дауы талай министрге таяқ болып тиіп, жылы орындарынан жұлып түсті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде