{metadescription}

Қазақ даласында ерекше марафон өтті

Қазақ даласында өткен марафонға әлемнің әр түкпірінен 500-ге тарта қатысушы жиналды. Олар 15, 35, 70 шақырымдық қашықтықтарды бағындыру жолында сынасты. Орталық Азияда осымен екінші рет өткізіліп отырған Ұлы дала марафоны биыл ашық аспан астында жатқан Таңбалы тас тарихи мұражайы маңында өтті. Ал спортшылар Бурабай көлінің табиғи таза «Тұран» суынан шөл қандырды.

Жазық дала, сазды жол, құмдауыт төбелер мен жартасты жыралар. АҚШ, Канада, Германия, Ресей мен Африкадан келген желаяқтар марафонның мәресіне жету осының бәрін жүгіріп өтуі тиіс. Бұл жарыс туралы бастама көтерген Тимур Артюхин жүгіру жолын әдейі осылай сан-түрлі етіп ойластырған.

Тимур Артюхин, «Ұлы дала» марафонының спорттық директоры:

-Биылдан бастап тамақтану орындарын белгілеп, үлкен көлемде су әкелдік. Осы орайда, демеушіміз «Тұран» суына алғысымызды білдіргім келеді. Қай суды таңдаймыз дегенде біраз ойландық. Өйткені, кез келген суды да іше беруге болмайды. Бұл тұрғыда «Тұран» суының табиғилығы көңілімізден шықты.

Демеушілер тарапынан осы шараға мың жарым литр «Тұран» суы арнайы алдырылған. Бурабай көлінің табиғи таза суы шаңқай түсте қаңқасы кепкендерді шөлден құтқарды.

Жарыс жеңімпаздарының бірі Дмитрий Литвинов Ресейден кепті. Бұндай додаларды дағдыға айналдырса керек, жүгірер жолын алдын ала жоспарлап алған.

Дмитрий Литвинов, ресейлік спортшы:

-Әуелгі екі төбені асықпай еңсеріп, одан ары жылдамдығымды арттырам деген жоспар болды. Шамамен, 3 жарым сағатта келем деп ойлағам. Бірақ, 3 сағат та болған жоқ, ойлаған уақытымнан ерте жеттім. Өз нәтижеме ризамын. 

Барлық қатысушыларға ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары тарту етілді. Ал жеңімпаздар естеліктер бұйымдар мен ақшалай сыйлықтарға кенелді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.