{metadescription}

Еліміздің бірнеше облысында соғыс ардагерлері соққыға жығылды

Өскеменде Жеңіс күні мерекесінде соғыс ардагері соққыға жығылды. Күдікті қарияның үйіне баса көктеп кіріп, оны сұлатып салған соң, медаль-ордендері мен ақшасын алып кеткен. Ал Қарағандылық ардагер көршісінен қарызын сұрағаны үшін таяқ жеп, мерекені ауруханада қарсы алды. Жауды жеңсе де, бейбіт күнде жәбір көрген қариялар жайлы Саят Сабдалы айтсын.

Тыл ардагері Тұрсын Қошжанов ауылдасынан берешегін сұраймын деп басы бәлеге қалған. Екі ағайынның бір-бірімен жасалған ауызша келісімі бойынша ардагер көршісінен қарызды қайтаруын талап етеді. Алайда ұрыс шығып, оның арты қол жұмсаумен аяқталған. Қазір онсыз да әл-дәрмені азайған қарияның миы шайқалып, дәрігерлерге қаралып жүр.

Тұрсын Қошжанов, тыл ардагері:

-Бір уақытта миым солқ ете түскенін білем. 10-15 минут жатып қалдым. Маңайымда ешкім жоқ. Сосын бір ойнап жүрген балалар «ата, ата» деп әлгі тілеуің бергірлер тұрғызды. Есіктің алдында құдық бар. Сол құдықтың жанында тұр әлгі ұрған жігіт.

Ал Өскеменде мерекелік шеруден кейін үйіне келген Михаил Рогожкиннің артын ала баспанаға кірген 40 жастағы қаскөй қарияны шалқасынан түсіріпті. Протезді ұстап тұрған жалғыз тісін сындырып, көзін көгерткен. Есінен танған ардагерді аттап өтіп үйдегі 4 медаль мен 5 мың теңгені ала қашқан. Бірақ алысқа ұзай алмады. Қаскөйді полицейлер үйіне жете сала қолға түсірді. 

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз хатшысы:

-40 жастағы азамат осы тоналып алынған 4 медальді құбырларға ағызып жібермек болған. Дегенмен жедел жеткен полиция қызметкерлері ол адамның осындай ісіне жол берген жоқ.

Ал Шахтинскіде осыдан екі ай бұрын екі қаніпезер соғыс ардагері Виктор Фалелеевті ұрып өлтірген. Олар пәтерден 35 мың теңге ақша мен қарияның киім-кешегін қолды етіпті. Бұл істі қарап жатқан сот та бүгін-ертең аяқталуы тиіс. Бірақ екі күдікті қылмысын мойындамай отыр. Олар 90-дағы қария бізге өзі тап берген соң, қорғанып жүріп, қол жұмсадық деп міз бағар емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде