Шымкенке барған Білім вице-министрі ауқымды реформаларды түсіндірді
Бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап жаңа бағдарлама бойынша білім алады. Жаңа реформаның жай-жапсарын бүгін оңтүстіктің ұстаздарына Білім вице-министрі түсіндірді.
Автор: Бек Әбиев
11.05.2016
Енгізілген өзгерістер алғашында қиын болғанымен оқушылардың ой-өрісін еселеп арттыруға тың серпін береді деген сенімде Тахир Балықбаев. Жоба бұған дейін ел бойынша 30 мектепте сынақтан өткізілген екен. Оның екеуі оңтүстікте. 1-ші қыркүйектен енгізілгелі отырған жаңа талапқа сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеуге мол мүмкіндік алады деп отыр вице-министр. Негізгі идеяларын Назарбаев мектептерінен саралап алған шенеуніктер қазір базалық оқулықтарды реттеп жатыр.
Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
-Енді базалық оқулықтар болады. Ол оқулықты министрлік анықтайтын болады. Биылғы жылға арнайы комиссия жұмысын бітіріп жатыр. Жақын уақытта жариялайтын боламыз .
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!