{metadescription}

Алматы зообағында азап тартқан жолбарыс қиналып өлген

Алматы зообағында азап тартқан жолбарыс ақыры өліп тынды.Жыртқышты жарасы жанына батқанша қинаған бақ басшылығы оны сол күйі құтқара алмады.   

Құралай көптің көзінше қиналып өліпті. Тамақ та іше алмай қалған жануар әлсізденіп арам қатқан. Жыртқыштың өлексесін бақ қызметкерлері осы демалыста сыртқа шығарып тастады. Қазір жолбарыс жатқан тор бос тұр. Бір ай бойы бұл арадан дәрігердің қарасы үзілмеген болатын. Тіпті, мәскеулік мал дәрігері де арнайы келіп Құралайды қараған. Бірақ, оның «жануарды қинамаңдар» деген кеңесіне құлақ аспаған хайуанаттар бағының директоры қайта жолбарыстың беті бері қарағанын айтып, жұртты біраз сендіріп келді. Қазір бақта бар-жоғы 5 жолбарыс қалды. Оның екеуі – әлі шөнжік. Естеріңізге салсақ, Алматы зообағында бұған дейін сегіз бірдей барыс болған. Ондағылар бағалы аңдарды бағалай алмай, бәрін бірдей өлтіріп алды.

Ақбай Әжібаев, Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары:

-Сол күні ғана дәрі егіп, емдеген болатынбыз. Денсаулығы жақсарғандай болған. Түске қарай жолбарыс өліп қалды. Өзіміз де таңқалып тұрмыз осыған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде