Әблязов пен Храпуновтың ұрлықпен тапқан ақшасы Қазақстанға қайтарылуы мүмкін
Қуғынмен келген, сүргінмен кетеді. Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов ұрлықпен тапқан 21 миллион долларынан қағылды. АҚШ-тың федералдың соты құдандалы олигархтардың есеп-шоттарына бұғат салған.
Автор: Диас Нұрақын
11.05.2016
Қос қашқын Қазақстаннан ұрланған қаржыларын Нью-Йоркте салынып жатқан зәулім қонақ үйдің құрылысына құйып, акционер атанған екен. Алайда 2014 жылы еліміздің Әділет министрлігі мен Алматы әкімдігі Калифорния штатының сотына шағым түсіріп, қос құдадан бюджет ақшасын қайтаруды талап еткен болатын. Осыдан кейін экс-банкир мен Алматының бұрынғы әкімі дереу қонақ үйдегі үлестерін екі есе арзанған сатып, сытылып кетпек болыпты. Алайда сот ісіне байланысты шоттары жабылып, 21 миллион долларынан қағылған. Қазір АҚШ сотында осы қаржыны Қазақстанға қайтарып беру мәселесін қарап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!