{metadescription}

Үкіметтің шетелден қарыз алуы депутаттардың түсінбестігін туғызды

Қазақстан дүниежүзілік банктен тағы 1 миллиард доллар қарыз алмақ. Сөйтіп, шетелден аударылатын 333 миллиард теңгемен бюджеттің тапшылығын жаппақ ойда.

Тиісті құжатты Мәжіліске алып келген Қаржы министрі бүгін сұрақтың астында қалды. Сұлтановқа шүйліккен депутаттар онсызда сыртқа 10 миллиард доллар берешегі бар  Қазақстанның тағы қарызға кіргенін аса қалаған жоқ. Министрдің есебі түгел, 333 миллиард теңгенің 20 жылға несиеге берілетінін, ал қаржының әлеуметтік жобаларға жұмсалатынын айтып ақталумен болды. Бір қызығы, қарыздың орнына шығынды азайтуды талап етіп, қарсылық танытқан төменгі палата, жеме-жемге келгенде құжатты бекітіп берді.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

-Бюджет тапшылығын шетелдік қарызымен жабатын күнге жетіппіз. Жақсылығы шамалы шығар. Осы алып отырған зор қаржының тиімділігін қалай бақылаймыз?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Борышты төлеу жағынан ешқандай күмән жоқ, ешқандай проблема жоқ. Бюджеттің тапшылығы бюджеттік шығыстардан туындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде