Ақтөбеде зауытта жарылыс болып, адамдар қаза тапты
Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты. Қазір осы оқиғаға байланысты комиссия тексеру жүргізіп жатыр. Жарылыс болған балқыту цехы жақында ғана іске қосылған еді. Оның жұмысын бақылау үшін төрт маманды Теміртаудан алдырған. Солардың екеуі қазандықты желдетіп тұратын қондырғыны тазартпақ болған екен. Сол кезде жарылыс болып, жұмысшылар тіл тартпай кеткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
11.05.2016
Мирболат Райымқұлов, Ақтөбе облыстық бас еңбек инспекторы:
-Жұмысшылар Теміртаудікі. Пеш жағар алдында өздері істей алмайды ондай жұмысты. Теміртаудың мекемесін АЗФ келісім-шартпен жұмысқа тартқан ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары