{metadescription}

Семейде тұрғын үй құлағалы тұр

Семейде салынғанына 83 жыл болған екі қабатты тұрғынүй құлағалы тұр. Баспананың едендері шіріп, қабырғалары қақырап кеткен. Ал, жұрт оның адам тұрғысыз күйге түскеніне жергілікті билікті кінәлайды. Уақытылы сыланбағаны өз алдына, тозығы жеткен төбе жабындарын да ауыстырылмаған. Соның кесірінен пәтерлердің ішіне тамшылаған жаңбыр мен қар суы түгелін шірітіп жіберіпті.

Мұнда тұрып жатқан 15 пәтердің тұрғындары күнде төбеміз опырылып үйінді астында қаламыз деген үреймен отырады. Өйткені, одан өткен ылғалдан төселген ағаштар шіріп кеткен. Сондықтан кез келген мезетте опырылып түсуі мүмкін.

Жанын шүберекке түйгендердің бірі Ольга Родькина. Жалғызбасты әйел 5 баласын шатыр басып қалады ма деп, түнімен көз ілмейтінін айтады. Ол талай табалдырық тоздырғанымен шенеуніктердің дәрменсіздігіне ашулы. 

Ольга Родькина, Семей қаласының тұрғыны:

-Төбе құласа ғана жасаймыз . Оған дейін түк істемейміз дейді. Сонда қирандының астында қалып, өлуіміз керек пе?

Шенеуніктер құлағалы тұрған үйден хабардар. Бірақ, оны жөндеуге жұмсалатын қыруар қаржыны тұрғындардың өздері табуы керек депті.

Бағдат Хамитова, Семей қаласының тұрғыны:

-Өздеріңнен шығарыңдар дейді. Млн. несие алыңдар. Ол жетпесе 2 млн алыңдар деп отыр. Солай бола ма?

Ал, бұл қаланың Затон ықшамауданында орналасқан баспаналардың бірі. Адам көргісіз күйге түскен үш қабатты үйге де күрделі жөндеу жасау қажет. Бүгінде кәріз, жылу құбырлары тозып, тұрғындар орталық жүйеден ажырап қалған.

Сайран Байсұлтанова, Семей қаласының тұрғыны:

-Төбемізден су ағады. Әжетхананың төбесіненде тамшылайды. Жылда- жылда балаларым жөндеуден өткізеді. Оның қажеті қанша. Құлап жатыр, құлап жатыр.

Атқамінерлер бұлардың да жағдайын біледі. Олар, бірін тұрғын үй кезегіне тұру керек десе, енді біреуін мемлекеттік бағдарлама арқылы жөндеуден өткізуге болады дейді.

Светлана Заурбекова, Семей қалалық тұрғынүй инспекциясы бөлімінің жетекшісі:

-Жөндеу өткізуге мүмкіндік бар. Терможаңғырту бағдарламасы арқылы іске асырамыз. Ол үшін тұрғындар кондоминиум рәсімдеу керек. Үй ескі. Сондықтан жаңалаудын бір жолы осы.

Бүгінде Семейде апаттық жағдайдағы 21 үй тіркеуде бар. Жергілікті билік, ондағы тұрғындардың барлығына бірден баспана тауып беру мүмкін емес екенін айтып ақталды. Сондықтан жұртқа ұзын-сонар кезекке тұрып, оны күтуден басқа амал жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде